Вирустық індеттердің туындауын бақылау

Kaspersky Security Center бағдарламасысізге вирустық індеттер қаупінің туындауына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Вирустық індет қаупін бағалау құрылғылардағы вирустық белсенділікті бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Сіз вирустық індет қаупін бағалау ережелерін және егер ол орын алса, Басқару сервері сипаттары терезесінің Вирустық шабуыл бөлімінде конфигурациялай аласыз.

Вирустың тарауы оқиғасы туралы хабарландыру тәртібі Басқару сервері сипаттары терезесінің Оқиғаны конфигурациялау бөлімінде, Вирустың тарауы оқиғасы сипаттары терезесінде белгіленуі мүмкін.

Вирустың тарауы оқиғасы, қауіпсіздік бағдарламаларының жұмысында Зиянды нысан анықталды оқиғалары анықталған кезде туындайды. Сол себепті, вирустық індетті тану үшін Зиянды нысан анықталды оқиғалары туралы ақпаратты Басқару серверінде сақтау керек.

Зиянды нысан анықталды оқиғасы туралы ақпаратты сақтау параметрлері қауіпсіздік бағдарламалары саясаттарында белгіленеді.

Зиянды нысан анықталды оқиғаларын есептеу кезінде, тек негізгі Басқару серверінен алынған ақпарат қана ескеріледі. Қосалқы Басқару серверлерінен алынған ақпарат есепке алынбайды. Әрбір қосалқы Сервері үшін Вирустың тарауы оқиғасының параметрлерін жеке-жеке конфигурациялау керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу